Сөзіңді естірт!

Debate Tanym - бұл пікірталас арқылы өсетін орта. Binom School-да біз болашақтын сенімді де білімді көшбасшыларын тәрбиелейміз. Өз ойынды еркін жеткізе біл. Дауысыннын күшіне сен. Бүгін баста, ертеңге қалдырма!

Tanym Debate Club Services

Дебатқа үйрету

Біз дебаттың негізгі құрылымын, сөйлеу форматын және тезис жазуды үйретеміз. Қатысушылар аргумент құруды, оны дәлелдеуді және қарсы пікірге жауап беруді практика арқылы меңгереді.

Дебат турнирлеріне қатысу

Клуб мүшелерін турнирлерге жан-жақты дайындаймыз: команда құруға көмектесеміз, тақырыптарды бірге талқылаймыз, раундтарға толық дайындық жүргіземіз

орта және достар

Мұнда сіз пікірлес адамдармен танысып, достар табасыз. Қолдаушы атмосфера әр қатысушының еркін дамуына және өзіне сенімді болуына көмектеседі.

«Binom School-дағы Debate Tanym-ға қош келдіңіз!»

Join Binom Debate Club now!

Team

Бекен Ақбота Нұрболатқызы

Сәлем! Мен - осы дебат клубының негізін қалаушымын. Дебаттағы жолым 2024 жылы «JasRespublican Cup»-тан басталып, қазақ және ағылшын лигаларында тәжірибе жинадым. Қалалық турнирлерде жүлделі орындарға ие болдым. Дебат мен үшін сыни ойлау, өз пікіріңді дәлелдеу және жаңа орта табу мүмкіндігі. Осы клубта біз бірге дамып, мықты спикер боламыз.

Оспанова Асемгул Мимаруковна.

Оспанова Асемгул Мимаруковна.
Мектептегі дебат үйірмесінің ұйымдастырушысы, жетекшісі. Менің мақсатым — тек мықты дебатер емес, ойлай алатын, пікірін ашық айта алатын, қоғамға бейжай қарамайтын тұлғалар тәрбиелеу. Дебат арқылы оқушылар тек жарысқа емес, өмірге дайындалады. Менің басты принципім: Жақсы дебатер — жаттаған адам емес, ойлай алатын адам.

Дебат атмосферасы

Дебат турнирлері қалай өтетінін көргіңіз келсе және олардың атмосферасын сезініңіз келсе, осы мини блогты көріңіз

Ең жиі қойылатын сұрақтар


Жоқ, мүлдем қажет емес! Біз бәрін нөлден үйретеміз: аргумент құрастыруды, көпшілік алдында сөйлеуді және пікірталаста жеңіске жету жолдарын көрсетеміз. Ең бастысы — сенің ынтаң!


Әдетте біз аптасына бір рет, демалыс күндері кездесеміз. Нақты кестені тіркелгеннен кейін ортақ чатқа жіберетін боламын


Дебат сыни ойлауды, өзіңе деген сенімділікті және кез келген адамды иландыру қабілетін дамытады. Бұл университеттерге түсу кезінде өте пайдалы болады.


Жоқ, мектептегі дебат клубына қатысу барлық оқушылар үшін мүлдем тегін. Ешқандай жарна немесе төлем талап етілмейді.


Contact